2022-2023 оқу жылының логопункт жоспарына сәйкес 2-17 қыркүйек аралығында логопедиялық диагностика жұмыстары жүргізілді. Диагностикалық жұмыс барысы электронды «Googleформа» арқылы ата-аналарға сауалнама жолдау арқылы және класс кабинеттерді аралап оқушылардың сабақ барысындағы өзін-өзі ұстау, тыңдау, байланыс, түсіну, сөйлеу, дұрыс анық сөйлеуі және т.б. қабілеттері назарға алынып жеке тексеру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға арналған сауалнама сұрақтары оқушының сөйлеу тіліндегі немесе дамуындағы ерекшеліктерін анықтау мақсатына көзделіп құрылды. Оқушының дамуындағы ерекшеліктер мен оны дәлелдейтін анықтамасы бар екеніне көз жеткізілді. Анықтаманың көшірмесі алынып, логопед маманның көмегін қажет ететіндігін растайтын ұсынымдарға баса назар аударылды. Жүргізілген диагностика нәтижесінде мектепке биыл қабылданған 1 класс оқушыларының арасынан 120 оқушы логопед маманның көмегін қажет етеді. Яғни, нәтижесінде сөйлеу тілінің түрлі тұжырымдамасы (диагнозы) кездесті. 2 кластар бойынша логопед маманның көмегіне жүгінетін 27 оқушы, 3 кластар бойынша 6 оқушы, 4 кластар бойынша 19 оқушы анықталды. Зерттеу нәтижесіне сай сөйлеу тілінің ЖСТД, ФФЖ, тұтықпа, ринолалия, дизартрия секілді диагноздар анықталды. Зерттеу күні жазылып, алынған зерттеу нәтижелерінің дәлелдемелері жасақталды.
Логопедтік пункт қызметі ерекше білім алуды қажет ететін және денсаулық жағдайына байланысты үй жағдайында оқитын оқушылармен де түзету-дамыту жұмыстарын жалғастырады. ЕББҚ оқушылар арасынан анықтамасында сөйлеу тілінің диагнозы мен логопед маманмен жұмыстану ұсынысы берілген жағдайда түзету сабағына алады. Биылғы оқу жылының
I тоқсаны бойынша ПМПК қорытындысына сәйкес 14 оқушы логопед маманның түзету сабағына қатысады. Есепке алынып, сабақ кестесі қойылды. Сөйлеу тілінің деңгейіне, жас ерекшелігі мен сыныбына байланысты құрылған жұмыс жоспары бекітілді. Бұл оқушылармен де аптасына 2 рет түзету сабағы өткізіледі. Және де денсаулық жағдайына байланысты үй жағдайында оқитын сөйлеу тілінің бұзылысы бар 8 оқушы есепке алынып, сабақ кестесі қойылды.