"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Жол жүру ережесін білу бәріне міндет


            Мектебімізде 13 қазан күні «Жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыбында бірнеше бағытта жол жүру ережелеріне арналған іс шаралар жүргізілді. Шараға Ақтөбе қаласы патрульдік полиция бөлімінен патрульдік полиция аға лейтенанты Бержекенов Қанат пен полиция лейтенанты Әбдіразақ Болысбек келіп, мектеп оқушылырына жол қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М. Мұқамбетәзиев қонақтарды жоғары буын кластарымен ашық пікірлесуге шақырып, патрульдік полиция қызыметкерлері оқушылардың жол тәртібі туралы қойған сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы қорғаған постерлеріне толықтырулар енгізді.

            Сонымен қатар келген қонақтар жол қауіпсіздігі туралы әр кластарға барып, оқушыларға жекелей жадынамалар беріп жол қауіпсіздігінің адам өміріне тікелей қатысты екендігін түсіндірді. 5-7 класс оқушыларының «Ала таяқ ұстаған, жол тәртібін нұсқаған» тақырыбындағы кездесуіне жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға болмайтындығын, жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс екендігі жайлы түсіндіре отыра, бастауыш класс оқушыларын іс-тәжірибе арқылы «Өзі сөйлей білмейді, бірақ «Тоқта!» «Жүр!» дейді атты мектеп ауласы жанындағы жолдарға апарып, жаяу жүргінші жолының заңдылығын қатаң сақтау керектігін көрсетіп түсіндірді.