"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Туған өлкеге саяхат

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қоры мен «Қалалық  жас туристер станциясы» Республика күніне орай «Туған өлкеге саяхат» облыстық байқауын  ұйымдастырған болатын. Байқауға мектебіміздің «Жарқын болашақ» тобы қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Байқау 3 кезеңнен тұрды.

1-кезең «Туған өлке соқпақтары» кезеңінде үй тапсырмасы ретінде облысымыздың, қаламыздың көрікті жерлері, тарихи-мәдени ескерткіштерінің экспедициялық- маршруттық  макеттерін жасап қорғау.

2-кезеңде «Қазақстан — менің елім» викториналық сұрақтарға жауап беру.

3-ші «Сөнбес жұлдыздар» кезеңінде облысымыздың танымал тұлғаларын сурет бойынша танып, олардың өмір жолдары  туралы баяндау.

Топ мүшелері:

Табынбай Қарақат 9 «Ғ» класс;

Әбілбаева Меруерт 10 «А» класс;

Жақсылық Мадияр 8 «В» класс;

Еркінұлы Мұхаммед 7 «Ә» класс.

Жетекшісі  география пәні мұғалімі Мажитова Ш.У.