№60 жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, жас маман Баймұқанов Ақәділ Асыланұлы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастырған Белбеу күресінен ерлер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында 82 келі салмақ дәрежесінде екінші орын жеңіп алды. Сонымен қатар, «Спорт шебері» атағын иеленді. Мектебіміздің атын асқақтатып, жас та болса, ұстаздық қызметінде ерен жеңіске жеткен Ақәділ жас буынға үлгі, өзіндей шәкірт дайындай алатынына кәміл сенім арта отырып, ұжым алдында алғашқы «Спорт шеберін» үлгі етіп, осындай мұғалімдермен мақтанамыз. Бүгінгі өскелең ұрпақ Ақәділдей жаттықтырушы мен бапкер ағайына қарап өссе, бой түзесе жаман болмайды, керісінше спорттың майталманы болары анық.