"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Үстел теннисінің жеңімпаздары!

IV тоқсан басталысымен 2 сәуір күні «Мектеп Лигасы» бағдарламасы бойынша 5-6 класс оқушылары арасында үстел теннисінен мектеп құрама командамыз Ишаулов Данияр 6 «Д» класс, Сапаров Мирлан 5 «З» класс, Сейтенова Жаннұр 6 «О» класс оқушылары ІІ орынды жеңіп алды. Үстел теннис жаттықтырушылары Ишаулов Ж., Жанашов Б.

23 сәуір күні мектебіміздің теннисшілері 2009 жыл және одан кіші туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында қалалық біріншілігіне қатысып, нәтижесінде Асылбекұлы Нұртілек ІІІ орынды жеңіп алды. Қалалық үстел теннисшілер арасында рейтинг бойынша біздің мектептің бірнеше оқушысы облыстық жарысқа Ақтөбе командасының құрамасына шақырылды. 3-4 мамыр және 13-14 мамыр күндер аралығында облыстық жарысқа  оқушыларымыз құрама командамен бірге жасөспірімдер арасында І орынды және жекелей жарыста 5 «Ә» класс оқушысы Асылбекұлы Нұртілек ІІІ орынға иеленді. Осы нәтиже бойынша Нұртілек облыс құрама командасымен бірге Алматы қаласына республикалық чемпионатқа жолдама алды. Жаттықтырушылары: Ж.М.Ишаулов, Б.Н.Жанашов.

Биыл 28-29 қыркүйек күндері аралығында қала мектептер арасында «МЕКТЕП ЛИГАСЫ» бағдарламасы бойынша 9-11 класс оқушысы арасында үстел теннисінен командалық есепте Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп командасы 2 орынды жеңіп алды. Мектептің атағын қорғаған 10ә класс оқушысы Райхан Нұрқанат, 9а класс оқушысы Сандығалиев  Ескендір, 9г класс оқушысы Қуанышбекқызы Назерке.

Жаттықтырушылары: Ж.М.Ишаулов, Б.Н.Жанашов.