2022-2023 оқу жылына арналған мұғалімдер арасындағы Спартакиаданың 2-ші кезеңі өтті. Облыстық жарысқа 12 аудан, Ақтөбе қаласы және интернаттар командалары спорттың 4 түрінен сайысқа түсті. Волейболдан ерлер және әйелдер арасында, шағын футбол және үстел теннисінен 2 күнге созылған жарыс өтті. Жалпы қорытынды есепте 1 орынға Ақтөбе қаласы білім бөлімі иеленді. Ақтөбе қаласы білім бөлімі командасында, қала мектептерден іріктелген мұғалімдер, яғни өз спорттық дәрежесін жақсы көрсеткен мұғалімдер бар, соның ішінде Д. Қонаев атындағы мектеп психологы Алдамжарова Айгерим Бериккалиевна 1 дәрежелі диплом мен медаль иеленді, және «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Қосымбаева мен «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрайымы Л. Уралбаевадан АЛҒЫС ХАТ иеленді.