"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Шығармашыл кітапханашы – 2022

Шығармашыл кітапханашы – 2022

         Ақтөбе қалалық мектеп кітапханашылары арасында өткен  «Шығармашыл кітапханашы – 2022»  байқауына мектептің кітапхана меңгерушісі Утениязова Гульмира Конскалиевна қатысты.

         Байқау барысында: 1. Кітап таныстырылымы;

                                           2. Шығармашылық қобдиша.

         Осы аталған бағыттар бойынша кітапхана меңгерушісі Г.К.Утениязова кітап таныстырылымына Д.Исабековтың «Сүйекші» повестіне таныстырылым жасаса,  ал, келесі бағытта аптаның жеті күнін кемпірқосақ түсімен байланыстыра отырып,  мектеп оқырмандарымен тығыз байланыстағы жұмыстарды көрсетті.

         Нәтижесінде Ақтөбе қалалық мектеп кітапханашылар байқауында «Бас жүлдені» иеліп, облыстық байқауға жолдама алды.