2022-2023 оқу жылында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері әдістемелік конкурстар мен спорттық додаларға қатысып, толағай жетістіктерге жетті.
Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Самат Назерке Саматқызы ұстаздар арасында өткен III облыстық спартакиадасына қатысып, волейболдан жүлделі І орынға ие болды және Республикалық кезеңге жолдама алды.
Республикалық спартакиаданың облыстық кезеңіндегі жеңісі үшін Ақтөбе қалалық білім бөлімі,Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім бөлімінің қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы атынан Алғыс хат және Қазақстан Республикасының шипажайына жолдама алды.