"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ»

«ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ»

І  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

          Ақтөбе қаласы «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін  орта мектеп» КММ және «Д.Қонаев атындағы Халықаралық қоғамдық Қор» меморандумы аясында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе» облысы бойынша Кәсіби даму институты және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп, Ақтөбе қаласында  2023 жылдың 5 қаңтарда «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ базасында «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ » тақырыбында І Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

         Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты –  білім беру ұйымдарында Д.А.Қонаевтың ұлы тарихи тұлға ретінде есімін ұлықтау , жобалық-зерттеу жұмысын енгізу мен жүзеге асыруда ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.

        Конференцияның бағыттары:

  • «Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы» (Д.Қонаевтың қазақ ғылымын дамытудағы еңбектері)
  • «…Халық үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті…» (Д.Қонаевтың басқарушылық қызметі)
  • «Мұхиттан өткен қайық» (Д.Қонаевтың тарихи тұлға ретінде зерттелуі)
  • «Қара сөздің қаймағы» (Д.Қонаевтың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні)

Қатысушылар: білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері, жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушылары, студенттер, мектеп оқушылары.

Ұйымдастыру комитеті:

8-778-857-0662 Садыкова Б.Х.

8-701-333-3087 Ербозымова М.Н.

8-705-537-07-07 Ермухамбетова А.Ж.