"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мектебіміз «Үздік web-сайт» облыстық байқауы жеңімпазы

Ағымдағы жылдың қазан айының 5-19 аралығында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Үздік web-сайт» облыстық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқаудың мақсаты:  Білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін  арттыру, ең үздік ресми сайтты анықтау, қолдау және тарату. 

Байқауға облыстың мектепке дейінгі, жалпы орта және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 20 мекеме қатысты. Қатысқан 20 мекеменің ішінен мектебіміз үздік атанып жүлделі І орынды иеленді.