"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ДАМУЫНДА ТЕЖЕЛУІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТУЗЕТУ ЖОЛДАРЫ

 Қазіргі  таңда жалпы білім беретін орта мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты өсіріп, дамытатын мектеп болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай қоғам алдында оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағытталған мақсат міндеттер қойылып отыр.

   Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен–олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды.

Бала дамуындағы қиындықтарды жою мақсатында ұсынар нәтиже берер мүмкіндіктер өте көп.

Әдістеме 1 Р.Немов әдістемесі  «Қисынсыздық»

       Бұл әдістеме арқылы біз баланың қарапайым бейнелі елестетулерін, қоршаған орта және оның логикалық байланыс, қатынастары туралы түсініктерін зерттей аламыз. Аталмыш әдістеме баланың өз ойын қисынды әрі грамматикалық жағынан дұрыс ойлау іскерлігін анықтаймыз. Әдістемені өткізу процедурасы мынадай: Бастапқыда балаға бейнеленген суретті көрсетеді. Онда жануарлармен байланысты қисынсыз жағдаяттар берілген. Бала суретке қарау барысында келесі нұсқаумен танысады: «Суретке  мұқият қара, барлығы да дұрыс суреттелген бе? Айтып бер. Егер суреттердің дұрыс орналаспағанын байқасаңыз, олардың неліктен дұрыс еместігін түсіндір. Содан соң дұрыс орналаспаған суреттерді қалай орналастыру керектігін айтып бересің».  

Ескерту. Нұсқаудың екі бөлімі рет-ретімен орындалады.

Бастапқыда бала суреттегі қисынсыздықтарды атап, көрсетеді. Содан соң олардың қалай орналасу керектігін түсіндіреді. Картинаны қарап шығу және тапсырманы орындау 3 минутпен шектеледі. Осы уақыт аралығында бала қисынсыз жағдаяттарды неғұрлым көбірек байқауы қажет және олардың неліктен дұрыс орналаспағанын түсіндіруі қажет.   

Қорытындыны бағалау:

10 ұпай –  берілген уақыт (3 минут) ішінде барлық 7 қисынсыз жағдайды тауып, олардың себебін түсіндірген балаға қойылады.

8-9 ұпай –  бала берілген уақыт ішінде барлық қисынсыз жағдаяттарды тапқанымен 1-3 жағдаяттардың қалай орналасу керектігін түсіндіруге үлгермей қалған жағдайда қойылады.

6-7 ұпай – бала берілген уақыт ішінде барлық қисынсыз жағдаяттарды тауып, белгілегенімен, 3-4 жағдаяттардың қалай орналасу керектігін түсіндіруге үлгермей қалған жағдайда қойылады.

4-5 ұпай – бала барлық қисынсыз жағдайларды тапқанымен, ондағы 5-7 жағдаятты берілген уақыт ішінде түсіндіре алмаған жағдайда қойылады.

2-3 ұпай – берілген уақыт ішінде бала қисынсыз 7 жағдаяттың ішінен 1-4 байқай алмай, оларды түсіндірмеген жағдайда қойылады.  

0-1 ұпай – берілген уақыт ішінде бала 7 жағдаяттың ішінен 4 ғана тауып алады.

Сурет-1

Даму деңгейінің қорытындысы: 9-10 ұпай-жоғары 5-8 ұпай-орташа 0-4 ұпай төмен.Әдістеме нәтижесі бізге  баланың әлсіз тұсын,қателер мен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Тиімді жұмыс атқару үшін маман әр түрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі керек, баламен тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Қорыта айтқанда қазіргі кезде қоғам  қабілетті адамдарды қажет ететінін ескеріп, жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сөзіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып оқытып  тәрбиелеуіміз керек.