"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП-ҚАУІПСІЗ АЙМАҚ» — БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

            Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс, мектепке келу жолындағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде  2022 жылдың 7 қараша мен 30 қараша аралығында «ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП — ҚАУІПСІЗ АЙМАҚ» акциясы ұйымдастырылуда.
            Акцияның басты мақсаты:

            1. Білім беру мекемесінде қауіпсіз орта қалыптастыра отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

            2.  Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру болып табылады.

            Акцияда қарастырылған жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстардың нәтижелерін мектеп әкімшілігі тікелей бақылауға алады.

            Акциясының орындалуына мектеп әкімшілігімен бірге, үнемі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүретін мектептің барлық ер мұғалімдері, класс жетекшілер мен осы акцияға ерікті түрде атсалысуға ниетті ересек адамдар қатыса алады.