2022 жылдың 10 қараша күні «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар депармаментінің өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметінің» №22 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі, аға сержант С.А Әбеновтің басқаруымен өрт сөндірушілерімен кездесу өткізілді. Өрт сөндіру қызметкерлері өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған жаттығуларды көрсетті. Кездесу барысында мектеп оқушылары өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіру кезіндегі құрал – саймандар туралы мәлімет алды.
№22 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлеріне мектеп әкімшілігі атынан АЛҒЫС білдіреміз.