"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Кезекті педагогикалық кеңес

            2022 жылдың 16 қараша күні кезекті педагогикалық кеңес өтті. Кеңес мектептің қалыптасқан дәстүріне сәйкес жақсы жаңалықпен басталды. Мектебіміздің 6 жылдық тарихында мұғалімдер арасында сегізінші жұп өз отбасын құрған болатын. Осы айтулы жаңалықпен мектеп басшысы А.А.Тажимишев шаңырақ көтерген жастарды құттықтап, ұжым атынан сыйлықты табыс етті.

            Педагогикалық кеңестің күн тәртібіне қойылған мәселелер дауысқа салынғаннан кейін өткен педагогикалық кеңесте қабылданған қаулылардың орындалуы туралы мәселе қозғалды.

            Күн тәртібінде “Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР ЖЫЛЫ” ХІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі мен мектептерге арналған PISA, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралып, 2022-2023 оқу жылының І тоқсаны бойынша 2-11 класс оқушыларының үлгерімі мен сапасының қорытынды есебі тыңдалды. І тоқсанның есебі бойынша білім сапасы төмен кластармен жүргізілетін жұмыстар талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, мектеп директоры А.А.Тажимишев педагогикалық кеңеске 2023-2024 оқу жылынан бастап мектептің статусын өзгерту туралы ұсыныс жасады.

Педагогикалық кеңес күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, қаулы қабылдады. Қабылданған қаулының орындалуы туралы есеп келесі педагогикалық кеңесте қаралатын болады.