«Тіл-тірегі елімнің» атты ақындар мүшәйрасы
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады?»,- деп ұлы ойшыл Ахмет Байтұрсыновтың даналықпен айтқан ғибратты сөзін ұстаз бен шәкірт сабақтастығымен байланыстырар болсақ, балаға емірене қарап, ерінбей еткен еңбектің нәтижесі өз жемісін берері хақ. Мәселен, «Ақтөбе -Дарын» өңірлік ғылыми — тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен Алаш қозғалысының қайраткері-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Тіл-тірегі елімнің» атты ақындар мүшәйрасына қатысқан 10- класс оқушысы Мақсотова Іңкәр шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін жүлделі ll Дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Жетекші ұстазы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулынтаева Калка Мухамбетжановна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!