Қазіргі ең өзекті мәселелердің бірі- жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу мақсатында мектебіміздің 9 — класс оқушыларының арасында «ӘДЕМІ ӘЛЕМДЕ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ӨМІР СҮРУ» тақырыбында профилактикалық алдын — алу жұмыстары өткізілді. Оқушыларға көшеде беймезгіл уақытқа қалмауға тырысу, бейтаныс адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау керектігін айта отырып, қауіп-қатерді азайту, зейінді болу, сақтық шараларын сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрену керек екенін ескерте отырып, оқушыларға психологиялық ақыл – кеңестер беріліп, жаднамалар таратылды.