2022 жылғы 6 желтоқсанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Даналық мәйегі» атты қанатты сөздерін насихаттауға бағытталған танымдық-шығармашылық фестиваль аясында байқау өткізілді. Байқауда ата-ана мен баласы бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздерін дәріптеп, көрініс арқылы көрсетілген жұмыстар қаралды.
Қазылар алқасының шешімі негізінде 9 «В» класс оқушысы Ермек Жанель мен анасы Калиева Күләш» «Аққу, шортан,һәм шаян» мысалы негізінде видео-ролик ұсынды. Байқауға қатысқаны үшін қалалық деңгейде жүлделі І орын иеленіп, облыстық деңгейде сертификатпен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Канаева Базаркуль Еркиновна.