EQ reflection (рефлексиялық ойын алаңы)
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу.
Қатысушылар: жас мамандар. (6-топ ақ, қызыл, көк, жасыл, сары, қара)
Өту түрі:
І. Сәлемдесу. ( ведио көрсету)
ІІ. «Бомба» ойын жаттығуы.
ІІІ. «Мені түсіне аласыңба?» ойын жаттығуы.
IV. « Білім ұшағы » ойын жаттығуы.
V. «Менің эмоцияларым» ведио
VІ. «Әріптер әлемі» ойыны
VII. «Би терапиясы»
Ойын ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Төзімділік.
5. Сыйластық
Сәлемдесу. (Бейнеролик көрсетіледі)
Нұсқау: Әр топтың алдында шарлар орналасқан, шардың ішінде әр түрлі тақырыпта өлеңдер бар, қатысушылар шарды жарып, ішіндегі өлеңді ашып экрандағы түрлі эмоциядағы смайликтерді қолдана отырып өлеңдерін оқиды. ( смайликтер түрлі эмоцияда болады)
Нұсқау: Әр топтан екі қатысушыдан шығады. Бір қатысушы экранға қарап тұрады, екінші қатысушы теріс қарап, екі қатысушы бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Теріс қарап тұрған қатысушының құлағына наушник кигізіледі ( музыка ойнап тұрады) және экранға қарап тұрған қатысушыға экраннан түрлі сөздер шығып оны ауыз қимылымен түсіндіреді, екінші қатысушы сол сөзді түсініп айтады.
Нұсқау: Әр топтың алдында қағаздан жасалған ұшақтар таратылады, сол ұшаққа осы апталық барысында түйген тәжіребелеріңіз, ұнаған әдістеріңіз немесе өткен коучинг сабақтар туралы қысқаша жазып, ( микрофонмен таныстырып) ұшақты ұшыру арқылы әр топ бір – біріне ұшақтарын ұшырады.
Жүргізуші: Біздер күнделікті жұмыс барысында түрлі эмоцияға толы көңіл – күйде жүреміз, ( кейде шаршап, тоңып, ұйқы қысып, күліп, ) т. б. Осы аптадағы біздің жас мамандардың көңіл – күйі мен эмоциясы қаншалықты қандай күйде болды екен? Ендеше экраннан тамашалайық!
Нұсқау: Әр топқа әріптер таратылады, ол әріптерді қатысушылар үстеріне кейеді және 2- минутта әр топ сол әріптерден сөз құрайды. ( САУАТТЫ -розовый, ДАРЫНДЫ-жасыл, ТАЛАНТТЫ- фиолетвый, ЕҢБЕКҚОР-қызыл ЖАЛЫНДЫ -ашық көк ЖАСТАР- қою көк !)
Қорытынды. Рефлексиялық ойын алаңы — ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар, тренинг барысында топ болып бірлесіп жұмыс жасау қабілеттерін арттыруға, топ үшін жауапкершілікті қаншалықты сезінулерін көруге әрбір қатысушының өзіне мүмкіндік береді. Адамды жігерлендіріп, өзін топпен араласуға және жан-жақты көрсетуге, қасында жүрген адамдардың мінез-құлқы туралы тереңірек білуде де шараның берері мол болды деп есептейміз. Тренинг болашақ жас мамандарға алдағы уақытта ұжыммен бірлесіп, топ болып жұмыс істеуге, кез-келген қиындықтарда шыдамдылық танытуға, қысыл таяң жағдайларда өзін қалай ұстау керектігіне де үйретеді.