Мектебіміздің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған жоспарлы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мұқамбетәзиев, №4 ҚПБ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Б.А.Укибай жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылық заңдарымен, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, бопсалау, күш көрсету және кешкі мезгілде көшеде жүру жайында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың не екендігіне, кез келген қоғамдық қатынастардың заңмен реттелетіндігіне, оқушы құқық бұзған жағдайда оның ата-анасына әкімшілік жаза қолданылатыны туралы жан-жақты түсіндіріп берді.