Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім.
Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Солардың бірі – « Жас Ұлан» ұйымының белсенді шығармашылық топ мүшелері ұйымдастырған «Жақсылык жасап жарысайық» атты жәрмеңкеден 188600тг жиналды. Жиналған қаражат мектептің әлеуметтік педагогтарымен келісе отырып,мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына берілді.(киім-кешек,азық-түлік т.б)