"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

14 АҚПАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ

Мейрамның шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур — әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні «Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінен бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті. 

Бұл мерекенің мақсаты — қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мерекенің қағидасы бойынша осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады.

Ал, біздің мектебімізде жыл сайын осы мереке тұсында оқушыларға ақпараттар беріліп, өз сөрелеріндегі кітаптарды мектеп кітапханасына табыстауға кеңес берілетін. Нәтижесінде, жылда мектеп кітапханасына өз үлестерін қосуға асығып келетін оқушылар бар. Осы оқу жылында 5 «Қ» класс ата – аналар комитеті үлесін қосып, оны әрі қарай 7 «Ж», 7 «З», 6 «Қ», 5 «Л», 2 «И», 2 «Қ», 2 «О», 3 «М» кластары жалғастырған болатын. 2023 жылы кітапхана қорына 53 дана әртүрлі саладағы кітаптар сыйға келді.