"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КІТАПХАНАШЫ

қалалық мектеп кітапханашыларына арналған дөңгелек үстел

Жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Қазіргі заманғы кітапханашы» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

         Айтулы шарамыздың қадірменді қонағы жерлес ақынымыз, «Ақтөбе» газетінде қызмет жасап, облысымыздың журналистика саласының дамуына айтулы үлес қосып жүрген, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Талғат Тілеулесов ағамыз.

Алғы сөзді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдіскері Медеуова Ақмарал Султангереевна және мектеп директорының оқу ісі орынбасары Шамгунова Ботагөз Сайлаубековна алды. Шәкірттерін шығармашылық шыңға жетелеп жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулынтаева Калка Мухамбетжановна мен бастауыш сынып мұғалімі Отаралина Айнұр Елеуовна дарынды оқушыларды даралау және дамыту жолындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті және шәкірттерінің жүрекжарды жырларын тарту етті. Талғат Тлеулесов ағамыз оқушылардың қойған сұрақтарына әзілмен әдемі жауап беріп, кешімізді қыздыра түсті. Кеш соңында мектептің кітапхана меңгерушісі Г.К.Утениязова бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар мен тиімді жұмыс түрлерімен бөлісіп, қадірменді қонағымыздың бейнесін суреттеген портрет пен кітап сыйға берілді. Әр мектептен келгент кітапханашы қонақтар да тәжірибе алмасқандарына ризашылық сезімдер білдірді.