«Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі» тақырыбы бойынша класс жетекшілер онкүндігінің жоспарлы іс-шаралар өткізілу аясында 3 кластар арасында «Жол және Біз» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Оқушылар жолда жүру ережелерін жол белгілерінің түрлерін дұрыс түсініп, жол ережелерін пайдалана білуді үйренді. Бұл сыныптан тыс шараға 3 класс оқушылары жол қауіпсіздігін есте сақтауға, дұрыс жүруге сұрақтар қою арқылы тәртіптілікке тәрбиелеуде белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.