"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің базасында 5 наурыз күні Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің базасында 5 наурыз күні Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Бұқар жыраудың туғанына- 330 жыл толуына орай «Көмекей әулие-Бұқар жырау»  атты Ақтөбе мектеп лигасы пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікірсайыс турнирі ағылшын және қазақ лигаларында Ақтөбе қаласы білім беру ұйымдарынан 50 фракция бақ сынасып, қоғамдағы өзекті тақырыптарды қамтыды. Жеңімпаздар Альфа, Бетта және ағылшын лигаларында Алматы ауданы әкімінің «Жеңімпаз және Үздік спикер» кубоктарымен марапатталды. Турнирде Ақтөбе пікірталас орталығының спикерлері төрешілік етті. Турнирдің бас төрешісі Тобылбаев Еркін Теміржанұлы.