Жас мамандар мектебі қоғамдастығының «Кешегі шәкірт, бүгінгі мұғалім» атты жас мамандардың апталығы аясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Е.Т.Тобылбаев, М.Н.Ербозымова, М.С.Калдыбаеваның басшылығымен 3-4 кластың педагог-зерттеуші ұстаздары К.К.Контаева, С.Т.Дуйсенова, А.Е.Отаралина, С.И.Шамилованың ұйымдастыруымен 22 ақпан күні мектеп кітапханасында «Жас мамандардың өзін-өзі дамыту жоспарын құру талаптары» тақырыбымен коучинг өткізілді. Коучинг барысында алдымен Жас маман сөзіне анықтама беріліп, миға шабуыл тапсырмалары ұйымдастырылды, жас мамандарды үш топқа бөле отырып, өзін-өзі дамыту жоспарына қойылатын талаптар, жоспарды құру үлгісі, бұқаралық ақпарат құралдарынан «Білім» газетін жасау үлгісі, қазіргі таңдағы ең өзекті аттестацияға жарамды олимпиадалар мен конкурстардың негізін құрып, жинақтамалары жас мамандармен бірлесе жасалды. «Қар кесегі» кері байланыс алынып, қатысып отырған әріптестермен кең көлемде жұмыс жасалды.