"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Кешегі шәкірт — бүгінгі мұғалім» атты жас мамандар онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бірлестігінің зерттеуші-педагогтері К.М.Кулынтаева,

«Кешегі шәкірт — бүгінгі мұғалім» атты жас мамандар онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бірлестігінің зерттеуші-педагогтері К.М.Кулынтаева,

А.С.Қожахметова,

А.Б.Кулжанов және А.Ж.Бозшинаның

 ұйымдастыруымен «Қысқа мерзімді жоспарлауды құру жолдары» тақырыбында коучинг өткізілді.

Мақсаты — жас мамандарды  жоспар құру үлгілерімен таныстыру,

күнделікті сабақ жоспарларын жасауда оқу мақсатын дұрыс қоя білу жолдарын үйрету.

Коучингті А.С.Қожахметова «Жымия амандасу» тренингімен бастап, жас мамандар арасында психологиялық ахуал қалыптастырды.

Жас мамандар «Түстер алаңы» әдісімен 3 топқа бөлінді.

Ж.А.Бозшина тақырып бойынша толық мәлімет берген соң, Б.А.Кулжанов «Еңлік-Кебек шығармасындағы көркемдегіш құралдар» тақырыбындағы сабағын көрсетті.

К.М.Кулынтаева  «Дескриптор мен бағалау түрлері және қолданылуы туралы» слайдпен толық мәлімет беріп, практика жүзінде 7-класс бойынша Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала»повесі  сабағын көрсетті.

Жас мамандар топ бойынша Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасады.

Соңында «Padlet» платформасымен рефлексия алынды.

Коучингке мектеп директорларының оқу жөніндегі орынбасарлары М.Н.Ербозымова,

Т.Е.Тобылбаев, Ж.А.Ермұхамбетова қатысты.

«Жүз рет айтқанша, бір рет көрген артық»-демекші, теория мен практика жүзінде өткен коучингтен жас мамандар құнды мәліметтер ала алды