2023 жылы мектебімізде *»Кешегі шәкірт,бүгінгі мұғалім»* атты жас мамандар онкүндігінің аясында ағылшын тілі әдістемелік кафедрасының педагог- шебер және педагог- зерттеуші мұғалімдері А.З.Боқаева, Ж.А. Сыдыкова, С.Р.Сарина, Д.Ж.Мамбетжанова, Г.С. Утаршиева, С.К. Куатбаева және Г.К. Кадырованың ұйымдастыруымен коучинг өтті. Коучинг қонақтары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Е.Т. Тобылбаев, М.Н.Ербозымова. Коучинг тақырыбы: *»Нәтижелі сабаққа жету қадамдары мен талдау әдістері»*
Мақсаты: жас мамандарды нәтижелі сабаққа жету қадамдарымен таныстыру.
Коучинг барысында жас мамандарға тақырып бойынша теория түсіндіріліп, практикалық бөлімде тапсырмалар берілді. Жас мамандар үш топқа бөлініп, нәтижелі сабаққа жетудің нақты қадамдары мен тәсілдерін пайдалана отырып сабақ жоспарын құрып, жұмыстарын қорғады.
Коучинг жас мамандардың кері байланысы арқылы қорытындыланды.