24.02 күні мектебімізде өтіп жатқан » Кешегі шәкірт- бүгінгі мұғалім» атты жас мамандар онкүндігінің жоспарына сәйкес, жаратылыстану әдістемелік кафедрасының зерттеуші- педагогтары Ш.У. Мажитова , Ж.Д. Аскарова , К.Қ. Тамбаева , М.Ж. Тажмаганбетова » Электронды платформаларды қолдану мүмкіндіктері тақырыбында коучинг өткізді.Коучингке жас мамандар және оларға қолдау көрсету мақсатында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Тобылбаев қатысты.
Коучинг психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында өткізілген тренингпен басталды. Коучингтің теориялық бөлімінде электронды платформалардың мүмкіндіктері туралы айтылды.Практикалық бөлімде жас мамандар Word wall, LearningApss, Flippity.net топтарына бөлініп, электронды платформалардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып , сабақ барысында пайдаланатын тапсырмалар түрлерін құрастырды және өздері тапсырмалар орындады. Коучинг соңында Padlet тақтасы арқылы кері байланыс алынып, жас мамандарға электронды платформалардың сілтемелері мен түрлері жазылған жадынамалар берілді.