"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» – ТӨЛЕН ӘБДІКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН БІРГЕ ОҚИЫҚ!

Ағымдағы жылы «Бір ел – бір кітап»  республикалық акциясы аясында   Қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар, қаламынан таным тамшылары мөлдіреген қабырғалы жазушыТөлен Әбдікұлының шығармаларын тандап алынды. Аталған акцияны оқырмандар арасында таныстырып, шығармаларын талдау нәтижесінде «Қазақ прозасының пырағы» аттыәдеби talk  шарасы 7-8 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған болатын.

Шара барысында «Бір ел – бір кітап»  республикалық акциясының шығу тарихымен, Т. Әбдікұлының өмірбаянымен таныстырылып, оқырмандар Төлен Әбдіктің «Оң қол» психологиялық шығармасын мектеп оқырмандары бөліп талдады.

Шара соңында Мұрат Жүнісұлы «Төлен ағама» (арнау өлеңі) оқылып, қорытындысында оқырмандар ойын толықтыру үшін сұрақ қою арқылы жауаппен кері байланыс алынды.

Оқырмандар Т. Әбдіктің «Оң қол» психологиялық шығармасынан өте керемет әсер алып, қызушылық танытты. Басқа оқырмандар арасында да кеңінен талқылау жұмыстарына өз белсенділіктерін танытатынын әсермен жеткізе білді.