27 сәуір күні «Өрлеу БАҰО АҚ филиалының «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс тыңдаушыларына арналған Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Оқыту үдерісінде 3D принтер мен робототехниканы бағдарлау тәсілдері» атты облыстық семинар-практикум өткізілді.
Облыстық семинар-практикумы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп пен “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалының өзара ынтымақтастық меморандумы аясында жоспарланып, ұйымдастырылды.
Семинар-практикумды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Б.Черниязова мен Е.Т.Тобылбаев мектеп жұмысына шолу жасап, ашып беріп, «Өрлеу» БФҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты, кафедра аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Асанбай Бадигуль Зейнуллақызы кіріспе жасады.
Ақтөбе облысының қалалық және аудандық білім беру ұйымдарынан келген информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқыту үдерісінде 3D принтер мен робототехниканы бағдарлау тәсілдері» атты облыстық семинар-практикумында мектебіміздің жас информатика пәні мұғалімдері іс-тәжірибесімен бөлісіп, «Білім беру платформаларын тиімді қолдану – табысты оқытудың нәтижесі» тақырыбында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің заманауи АКТ мүмкіндіктері кеңірек таныстырылып, 6-9 класс аралығында «Мәтіндік құжатпен жұмыс істеу. Мазмұн», «Pygame кітапханасы» атты тізбектелген ашық сабақтар топтамасы ұсынылып, «Роботехника бағдарламасы арқылы DaraBala.kz әлеуметтік жобасына қатысу мүмкіндіктері», «3D принтерге модель жасау», «Робототехниканы бағдарлау негіздері: роботтарды жобалау және құрастыру» атты практикалық жұмыстар курс тыңдаушыларымен оқушылардың қатысуымен қызықты ақпараттармен қамтылып, өткізілді.
Облыстық семинар-практикумы барысында мектеп әкімшілік құрамы «Үздік мектептен – үздік тәжірибе» әдістемелік іс-тәжірибесімен бөлісіп, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте «Асыл мұра» мұражайы, IT кітапхана мүмкіндіктері, «Қонаев ТВ» телестудиясының жұмыс барысымен курс тыңдаушыларын таныстырып, қатысушыларға кең көлемде ақпараттар берілді. Шараның соңында қатысушылардан кері байланыс алынып, мектеп меймандары ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айта тарасты.