"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ» атты қалалық семинар-практикум

2023 жылдың 28 ақпан күні мектебімізде «Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды түзету-дамыту жұмысы негізінде педагог мамандардың бірлескен жұмысының тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Қалалық семинар-практикум мақсаты – ерекше білім алу қажеттілігі бар баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді реттейтін үдерісті сапалы түрде басқара отырып, бұл бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық педагог кадрларын сапалы білім беру мен озық тәжірибе алмасу арқылы білімді шыңдау, әлеуметтік жағдайға дайындау, педагог мамандардың бірлескен жұмысының тиімділігін көрсету.
Семинар-практикум бағдарламасы бойынша:

1. Қаймолдин Талғат Маратұлы — “Д.Қонаев атындағы ЖББОМ» КММ директордың м.у.а

 2. Миндалина Гульнара Урналыевна — «Әдістемелік кабинетә КММ бөлім меңгерушісі

3. Давлетова Нурсулу Курмановна- Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ДОІЖ орынбасары «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграцияланған (инклюзивті) оқыту  жүйесіндепедагог мамандардың бірлескен жұмысының тиімділігі»

4. Жадырасынова С.М. Алдамжарова А.Б. Хасенова А.С – педагог-психолог, педагог-ассистент «Психологиялық зерттеу және түзету-дамыту жұмыстарының түрлері»

5. Ойлыбаева А.Қ – арнайы педагог, педагог-ассистент «Ерекше білім алу жағдайында жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеу және жүзеге асыру»

6. Байтохина Ж.Т – мұғалім-логопед, педагог-ассистент «Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалім-логопед жұмысының өзекті мәселелері мен оның шешілу жолдары»

7. Қожан С.Ж. Турежанова Н.А – бастауыш класс мұғалімдері «Сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдер» ойын-сабақ

8. Изгалиева Н.А. Абдуллина А.Н. Назарова Ә.Е – әлеуметтік педагог, педагог-ассистент «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру: мәселелері мен болашағы (оның ішінде педагог-ассистент жұмысы) тақырыптарында сөз сөйлеп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қалалық семинар соңы шығармашыл оқушыларымыздың өнерлерін тамашалаумен аяқталды. Семинар қатысушылары өз кезегінде алғыстарын білдіріп, мектеп әкімшілігіне, педагог мамандарға табыс тіледі.