Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграцияланған (инклюзивті) оқыту жүйесінде педагог мамандардың бірлескен жұмысы үлкен маңызға ие. Ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыларды және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді реттейтін үдерісті сапалы түрде басқара отырып, осы бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық педагог кадрларын сапалы білім беру мен озық тәжірибе алмасу арқылы білімді шыңдайды және әлеуметтік жағдайға дайындайды.
Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында мектебіміздің оқушыларына жан-жақты дамыту, түзету, қолдау жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Оқушылардың уақытын тиімді пайдалану, тәрбие мен білімді алу жолында мектеп педагог мамандары бірлескен жұмыстарын жүргізіп отырады.