"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Заманауи педагог» облыстық педагогикалық олимпиадасы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың  сәуір айында білім беру саласының барлық деңгейлеріндегі педагогтерге арналған «Заманауи педагог» облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға мектепке дейінгі білім беру, жалпы орта білім беру, балаларға қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан мыңнан аса  педагог қатысты. Олимпиаданың мақсаты- заманауи педагогикалық практиканың негізгі бағыттары бойынша педагогтерді кәсіби тұрғыда дамыту. Жоғарыда аталған олимпиадаға Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін Орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жаркенова Замзамгул Тыныштықбайқызы қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» облыстық филиалының ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. 

     2023 жылы 22.05.-02.06 аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби дамыту институты ұйымдастыруымен қазақ және орыс тілінде оқытатын білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге арналған «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» педагогтердің біліктілігін арттырудың  білім беру бағдарламасы бойынша  онкүндік базалық курстан өтіп, сертификат иеленді. Курс бағдарламасы аясында  өткізілген «Коллаборация арқылы сабақты тиімді жоспарлау: ACTION RESEARCH|LESSON STUDY бойынша іс-әрекеттегі зерттеушілік тәжірибе» тақырыбындағы облыстық семинардың практикалық жұмысына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.