"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» республикалық ата-аналар форумы

Астана қаласында  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында (халықаралық мектеп) «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» республикалық ата-аналар форумы басталды.

Форумда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Ғани Бектайұлымен қатар бірнеше министрлер, депутаттар және әр облыстан түрлі делегаттар келіп қатысуда. Форум 6 секция бойынша мәселелерді қарастырады.

Біздің мектебіміздің атынан мектеп ата-аналар комитеті төрайымы Эльвира Хамитовна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мураталиева Индира Сериковна да «АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ» тақырыбындағы №6 секцияда қатысуда. Екі күнге созылатын форумда қажетті ақпараттар айтылып, мектеп ата-аналарына пайдалы ұсыныстар қабылданады деп ойлаймыз.