2023 жылдың мамыр айында жалпы білім беретін мектептің 8-11 класс оқушылары арасында Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларын насихаттау мақсатында 4 бағыт бойынша байқау өткізілді.
І бағыт-Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген;
ІІ бағыт-Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы;
ІІІ бағыт-Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен;
ІV бағыт- «Мәшһүр-Жүсіп» шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»
«Мәшһүр-Жүсіп» оқуларының мақсаттары:
-қазақ руханиятының таным-түсініктерінен мол мағлұмат беретін ұлы тұлға Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларын насихаттау
Міндеттері:
-«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың 7 қыры» мақалаларынан туындайтын міндеттерінің бірі ретінде ұлттық кодты сақтаушы ретінде туындылардың орнын көрсету;
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру.
Мектеп сұранысы бойынша қатысқан 10 «Б» класс оқушысы Кәрім Аяулым, жетекшісі Романова Мейрамкул Картаевна қала және облыс көлемінде бас жүлдені қанжығалап, Павлодар қаласында өткен республикалық кезеңге қатысып келді.