"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадада ерекше көрсеткен жетістігі үшін грамотамен марапатталған Төлепберген Диана

2023 жылдың 2-4 мамыр күндері  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі,    Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өтті. Олимпиада  дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының базасында болды.        Аталған олимпиадаға еліміздің әр өңірлерінен 169 оқушы қатысты.    Ақтөбе облысынан 13 оқушы қатысып, оның 6-ы жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлердің ішінде                      Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 9 «Ә» класс оқушысы Төлепберген Диана Азаматқызы ерекше көрсеткен жетістігі үшін грамотамен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бозшина Айымгул Жауынбаевна