04 мамыр 2023 жылы Ақтөбе облысы бойынша КДИ «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы орыс тілі мен әдебиетінің заманауи сабағы» курс тыңдаушылары үшін «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ базасында «Мектептегі заманауи білім беру процесі: электрондық оқулықтар және цифрлық сервистер қолдану сабағы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.
Облыстық семинар-практикум «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ және Ақтөбе облысы бойынша КДИ «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жоспарланып, ұйымдастырылды.
Д.Қонаев атындағы мектеп мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісе отырып, «Білім беру платформаларын тиімді пайдалану – табысты оқытудың нәтижесі», «Lesson Stady» педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың инновациялық технологиясы ретінде» тақырыптарында коучингтер, «Цифрлық білім беру: жаңа заман» цифрлық сервистер қолдану бойынша шебер-класс ұйымдастырды.
Ақтөбе облысындағы білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін ұйымдастырылған облыстық семинар-практикумда «Мектептегі заманауи білім беру процесі: электрондық оқулықтар және цифрлық сервистер қолдану сабағы» тақырыбында мектеп педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш және жоғары сыныптардың қатысуымен ашық сабақтар өткізу барысында семинарға қатысушылардың назарына оқушыларды оқыту процесінде мектептің АКТзаманауи мүмкіндіктері ұсынылды.
Үздік тәжірибе – ортақ игілік. Облыстық семинардың қорытынды бөлімінде Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептіңәкімшілік құрамы мектепті басқару тәжірибесімен бөлісті, курс тыңдаушыларын Қонаев мұражайымен, «Қонаев TV» телестудиясындағы жас мамандардың жұмысымен, жас суретшілердің жұмыстарының көрмесімен және басқа да нысандармен таныстырды.