"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Менің Отаным — Қазақстан» облыстық слеті

2023 жылдың 17-18 мамыр аралығында «Менің Отаным — Қазақстан» туристік — экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өтті. Слетке мектебіміздің оқушылары әр түрлі номинациялар бойынша сынға түсіп, екі күндік жарыс нәтижесінде «Туристік кедергілер жолағы» номинациясынан “Қонаев” командасы 3 – орынды жеңіп алды. Команда құрамы: 6″Ж» класс оқушылары —  Изимов Ислам, Менгель Алан, Анищенко Дмитрий. Жарыс барысында “Қиындыққа құзға өрмелеу» номинациясы бойынша 11″ А» класс оқушысы Багижанов Дияз 1 — орын, «Жылдамдыққа құзға өрмелеу» бойынша 3 – орынды жеңіп алса,  10″А» класс оқушысы Новикова Авегия, дәл осы сыннан мүдірмей өтіп,  жүлделі  2 – орынға ие болды.  Слет нәтижесінде мектебіміздің құрама командасы жалпы командалық есепте 3 — орын алып, дипломмен марапатталды.  Жарысқа қатысқан оқушыларға арнайы медальдар және  мадақтамалар табысталды. Команда жетекшісі: Көбейсін Әділбек Көбейсінұлы.

  Мақала авторы: Тубирова Айгерим Ерболовна