"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Қазақтың  тілін ғана емес, өнерін де меңгерген-Эвелина!

1 мамыр мерекесі қарсаңында Республикалық “Мың бала” мәдени ағартушылық жобасы негізінде этностар жастарының қазақтың тілін ғана емес, өнерін де меңгеруге бағытталған қалалық “Өнерлі өрге жүзер” музыкалық байқауының “Вокал” жанры бойынша 5”Р” класс оқушысы Большенко Эвелина Константиновна қатысып “Алғыс хат” иеленді. Өнерлі оқушымыз Эвелинаны құттықтай отырып, ән өнерінің биік тұғырынан көріне беруін тілейміз!

Жетекшісі-музыка пәні мұғалімі Акерке Акбергеновна Жайманова.