"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ЖОЛЫ

2023 жылдың, 18 мамыр күні Маңғыстау облысының басқармасының ұйымдастыруымен педагогтер мен мектеп кітапханашыларының «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асыру бағытындағы әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, шеберлігін шыңдау, озық іс-тәжірибелерімен бөлісу және тарату мақсатында «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ — ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ЖОЛЫ»  тақырыбында республикалық zoom платформасымен онлайн вебинар өтті.
         Аталған, вебинарға Ақтөбе қаласының мектеп кітапханашылары да тыңдарман болып атсалысты. Атап айтсақ, Д.Қонаев атындағы ЖББОМ, М.Арын атындағы Қарғалы ҚОМ, №78 мектеп гимназиясы, М.Ғабдулин атындағы №70 ОМ, М.Мақатаев атындағы №73 ОМ, №74 ОМ, №22 ОМ, №61 ЖББОМ, №55 ОМГ, Қызылжар ОМ, №50 ОМ, №46 ОМ, №57 ОМ, №52 НМ кітапханашылары.

Республиканың әр өңірінен педагогтар мен мектеп кітапханашылары әртүрлі деңгейдегі шаралар мен жобаларды ұсынды және іс-тәжірибиесімен бөлісті.

Қарақия ауданы, №9 бастауыш мектебінің директоры Г. Ибраева «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда «Команда құр! 20 минут кітап оқы!» жобасының тиімділігі;

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Кусаинова «Жобалар негізінде оқушының оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;

Түркістан облысы, Түркістан қаласы білім беруді дамыту орталығының әдіскері А.Темрбаева «Kitapхан@» кітап оқу дағдысын қалыптастыруға арналған инновациялық әдіс-тәсілдер;

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының кітапханашысы А.Бекбоснова «Бір бірлестік. Бір кітап. Бір сахна.» жобасының тиімділігі;

Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы білім бөлімінің №17 ЖББОМ-ң ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Тойланбаева «Дара сынып» жобасының ерекшелігі;

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің мектеп кітапханашысы Г.Мамиеа «Әдебиет әлеміне — автор көзімен».

Абай облысы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының кітапханашысы Д.Сакаева «Кітап оқу — рухани әлемге бастар жол».   

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп лицейінің кітапхана ісі меңгерушісі Г.Таныскожаева «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда TEd-x әдісін тиімді қолдану» тақырыптарында баяндама жасап, шебер сыныптар көрсетті.

Вебинарда «Оқуға құштар мектеп» жүзеге асыруда көпшілікке ұсынылған жұмыстар бір-біріне ұқсамайтын, тың тақырыптар мен тың әдіс — тәсілдерді қамтыды. Вебинар соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.