«Алтын сақа» олимпиаданың тапсырмалары білім беру стандарттарына сай, оқушыларды математикалық сауаттылыққа баулыйды, ойлау қабілеті мен логикалық тұрғыда дамуына әсер етеді.
Негізгі жұмыс бағыттары — оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау, математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру және жаратылыстану пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру.
Олимпиада тапсырмалары және оны бағалау – үш бөлімнен тұрды:
— бір дұрыс жауабын таңдау сұрақтары;
— бос орынды дұрыс жауаппен толықтыру сұрақтары;
— шешу жолын толық көрсету арқылы нақты жауабын жазу, дәлелдеу сұрақтары.
Бұл тапсырмалар оқушыларды логикалық және сыни ойлауға, белсенділікке және өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырады.
Олимпиаданың қалалық, облыстық және республика көлемінде мектеп атынан қатысқан 5 «П» класс оқушысы Бурибаев Али жүлделі І орын иеленіп, мектеп абыройын қорғап келді. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Шуйншина Алмагуль Зинеевна.
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!