"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

2022-2023 оқу жылындағы Н.К.Блиев атындағы облыстық физика-математика олимпиада жеңімпазы

Ақтөбе өңіріне танымал физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылым және техника ғылымдарына еңбек сіңірген қайраткері Н.К.Блиев атындағы облыстық физика-математика олимпиадасының жалпы білім беретін мектептердің 9-класс оқушылары арасында дарынды қабілетті балаларды анықтау және олимпиада резервін  қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 18 мамыр күні өткізілген олимпиадада 9 «Г» класс оқушысы Сағындықов Санжар өз білімін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін ІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды. Жетекшісі-математика пәнінің мұғалімі Ержанов Шынтас Ержанұлы.  Жеңістеріңізбен құттықтаймыз.