2023 жылдың 27-28 мамыр күндері Ақтөбе қаласының туған күніне орай асық ату мен бес асықтан ересектер арасында Ақтөбе облысының чемпионатында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мінайдар Сағымбек Балтабекұлы қатысып жүлделі І орынды иеленді.Жеңімпаз спортшымыз Ақтөбе облысының құрамында Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін болады. Қазақтың ұлттық ойынын насихаттап жүрген ұстазға алдағы кезеңге сәттілік тілейміз!