"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Абай әлемі” республикалық шығармашылық байқауы

“Абай әлемі” республикалық шығармашылық байқауы

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-қазақ кластары арасында lll “Абай әлемі” шығармашылық байқауының республикалық кезеңі 2023 жылдың 22 ақпанында  ұйымдастырылып, нәтижесінде өз жеңімпаздарын анықтады.

  Байқау төмендегідей бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

1. “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты ақындар мүшайрасы.

2. “ Жүрегімнің түбіне терең бойла” атты эссе бағыты.

Екі бағыт бойынша Ақтөбе облысынан бірнеше  үміткерлеріміз тілек білдіріп, өз бақтарын сынады. Облыстық кезеңнен іріктеліп, шығармашылығымен дараланған үздік қатысушыларымызға республикалық кезеңде тың тақырыптар ұсынылып, бір тақырыпты таңдауға және сол тақырып аясында қалам тербеуге мүмкіндік берілді. Тақырып анықталып, тапсырманы орындау жүйесі түсіндірілген соң, ақындық бағыттағы оқушыларымызға 1 сағат, эссе жазу бағытындағы шығармашылық топқа 2 сағат белгіленді. Жұмыстардың  көшірмесі белгіленген уақыт шегінде тапсырылды.

“Жүйрікте де жүйрік бар, қазанат жөні бір басқа” демекші, Ақтөбе облысының намысын қорғаған шығармашыл оқушыларымыз ерекше қабілет, асқан таланттылықтарының нәтижесінде жеңіс тұғырынан көріне білді.  Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің  10 «Б» класс оқушысы Мақсотова Іңкәр «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» ақындық бағыт бойынша өз шығармашылығын ұсынып, өлеңге қойылатын талаптарды терең меңгергенін байқып І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі Романова Мейрамкуль Картаевна.

Жеңімпаздар диплом мен алғыс хатпен марапатталды.