"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Қазақстан балалары шексіз әлемде!

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносыныңфестивалі дәстүрлі түрде  Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізіледі.

Мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

1) балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қаблеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;

3) кино және телевидение салаларында дарынды балалар мен жастарды іздеу және қолдау;

4) шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде фильмдер, жарнамалар, репортаждар жасау процесін ынталандыру;

5) өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;

6) балалар мен жасөспірімдер жұмыстарының мәліметтер банкін құру;

7) балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін өзі танытуға ықпал ету;

8) іс-шаралар қатыстыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыру.

Фестивальға кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың көмегімен – видеокамера, фотокамера және ұялы телефонмен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қабылданады.

Фестиваль байқаулары келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;

2) ойынды кино – операторлық және режисерлік, және актерлер өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;

3) STOP-MOTION – STOP-MOTION технологиясымен құрылған видео,сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик. Кадрда аз қадам жасай жылжи отырып, үздіксіз қозғалыстағы адамдар мен заттардың қозғалыс иллюзиясын жасайды;

4) әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге көрермендердің назарын аударуға арналған қысқа жарнамалық хабарлама;

5) анимация – компьютерлік немесе заттық техникада орындалған, қозғалмалы иллюзияны құрайтын кез-келген мультипликациялық шығарма;

6) видео-арт – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеоролигі;

7) музыкалық клип;

8) киножурнал – елдің өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқа ақпараты бар кинохроника түрі;

9) «Ералаш» – әзіл-сықақ бейнеролигі.

«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ  атынан «Деректі кино»  бағыты бойынша «Қонаев ТВ» телестудиясы жанындағы «Ақ пен қара» жастар театры мүшелері және 7 «Қ» класс оқушысы Орынтайұлы Нұрталап  қатысып қала, облыс көлемінде іріктеуден өтіп І орын иеленіп республикаға жолдама алды. Жетекшісі-тарих пәні мұғалімі Тобылбаев Еркин Темиржанович.

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз сіздерді!