Жүргізіліп отырған іс – шаралардың мақсаты: лагерьде демалушы оқушылардың жазғы демалыс кездерін тиімді өткізу үшін, ұйымдастырылған психологиялық қолдау жұмыстары, балаларға психологиялық қолдау жасау, әлемге деген жақсы көзқарастарын қалыптастыру, өмірді бағалай білуге баулу. Мектеп жанындағы «АЙНАЛАЙЫН» жазғы лагерінің көңілді және қызықты өткізу үшін мектеп мамандары, оқушылардың психологиялық беріктігін, жігерін қалыптастыру, шығармашылық ізденісін кеңейту, бір — бірімен достық қарым — қатынас қалыптастыру мақсатында «АРТТЕРАПИЯ» «Суреттер сөйлейді» тақырыптарында тренингтер мен ойындар ұйымдастырды.