"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Айналайын» лагері-2023.   

         2023 жылдың 5 маусымнан бастап Д.Қонаев атындағы  жалпы білім беретін орта мектепте  6 жастан 12 жас аралығындағы жас жеткіншектерге мектеп жанынан «Айналайын»  жазғы лингвистикалық-сауықтыру лагері жылдағыдай өз жұмысын бастады. «Айналайын» лингвистикалық – сауықтыру лагерінің  1- маусымында барлығы 195 бала демалуда. Лагерь 2 топқа бөлінеді: 1) Ертегілер әлемі; 2) Ғаламшарлар тобы.

         Демалысты ұйымдастыру құжаттары ҚР заңнамасы нормаларына сәйкес жасақталды. Балалар  мектеп асханасынан  төрт мезгіл тамақтанады; демалу барысында ағылшын, орыс тілдерін үйренеді, әдемі кештер, түрлі шаралар, спорттық  сайыстар және қаладағы балаларға арналған сауықтыру орталарына барады. Балалардың жазғы демалыстарын ерекше, қызықты сәттермен бөлісіп, әр күнде әртүрлі көңіл-күй сыйлап жүрген тәрбиеші мұғалімдеріміз де жан-жақты белсенді жұмыс жасауда. Тілдік лагерь жасөспірімдердің ойнап жүріп, ойлануына, шет тілін үйренуіне мүмкіндік береді.  Лагеріміздің ашылу салтанаты да өте жоғары дәрежеде өтті және лагердің жақсы жұмыс жасауына барлық жағдайлар қарастырылған. «Айналайын» лингвистикалық – сауықтыру лагері балаларға күннен-күнге есте қалатындай қызықты шараларды ұйымдастыруда.

Балаларға жаздағы жақсы демалыс – жыл бойына қажетті күш–қуат береді!

                                                                                        Ағылшын тілі мұғалімі Сыдыкова Ж.А: