Жаз маусымы басталысымен балаларын түрлі лагерьлерге жібергісі келетін ата-аналардың уайымы көбейеді. Бірі балаларының лагерьге барғанын дұрыс, бірі бұрыс көреді. Шын мәнінде жазғы лагерь қаншалықты қызықты әрі қауіпсіз? Ата-аналардың уайымы орынды ма? Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді.
Ал біздің мектептің ата-аналары балаларының ең қауіпсіз демалатын жері бұл әрине мектептегі «Айналайын» лагерь екенін біледі. Сол себептен де мектеп жанындағы ашылған «Айналайын» лингвистикалық – сауықтыру лагеріне әр маусымда күн сайын балалар саны артып келеді. Лагерь басшылары Мұхамбетазиев А. М. мен Сыдыкова Ж.А. «Айналайын» мектеп жанындағы тілдік лагерінің күнделікті өткізілетін іс-шараларының жоспарын алдын-ала қарап,ақылдасып, бекітті. Балалар осы жоспар бойынша 12 күнде әр түрлі шараларға қатысады. Мысалы, ұйымдастырушы педагогтарымыз 5 маусым күні «Сәлеметсіз бе, бұл мен!» атты тренингін, 6 маусымда дене шынықтыру мұғалімі «Толағай» спорттық сайысын өткізді. Келесі күні «Жаз келді, міне, алақай, демалайық, балақай!» лагерьдің ашылу салтанатын барлық лагерьге қатысты тәрбиеші мұғалімдер, пән мұғалімдері, психолог, ұйымдастырушы педагогтар қатысып, ұйымдастырды. Күн сайын әр топта қызықты көріністер орын алуда. Осылайша лагерьдің әрбір күні сәнді де мәнді өтуде. Бұл тұста балалардың демалыстарын тамаша өткізуіне үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін айта кеткен жөн, себебі балалардың көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұрады.
Лагерь басшысы, ағылшын тілі мұғалімі: Ж.А. Сыдыкова.