"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Ескерткіш – ел мұрасы

18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіш – ел мұрасы» тақырыбында республикалық байқауды 5-11 класс аралығындағы мектеп оқушыларына және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған республикалық Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен Ақтөбе қаласының «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК  өткізілді.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

-өз өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру;

-туған жерінің тарихын, мәдениетін танып-білуге, белгілі қайраткерлерін құрметтеп, ізденуге баулу;

-көркемдік шығармашылығын дамыту, жаңа идеяларды іздеудегі белсенділіктерін ояту,  эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.

«Туған өлке – тұнған тарих» номинациясы бойынша Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінен тарих пәні мұғалімдері: Е.Тобылбаевтың 8 «Б» класс оқушысы Алтынбай Нұрсила 1 орынды иеленсе, А.Сыдықова мен А. Карабасовалардың оқушылары 9 «А» класс оқушысы Төлепберген Диана мен 10 «Б» класс оқушысы Мақсотова Іңкар жүлделі 2 орынды иеленді. 10 «Б» класс оқушысы Өтеулина Азэля «Алғыс хатпен» марапатталды, жетекшісі  А.Қоңыратбаева.

Жетістіктеріңіз құтты болсын!