2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында дене шынықтыру әдістемелік кафедрасы және шахмат үйірмесінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе – Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығының №864 хаты негізінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1-11 класс оқушылары арасында ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа шахматты насихаттау, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жандандыру.
Шахмат олимпиадасына 1-11 класс аралығынан барлығы 113 оқушы қатысты. Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі Дипломдармен, белсене қатысқан қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.